jasqazaq.kz

Президент Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына Қанат Құлшыманов тағайындалды

11 наурыз 2025, 15:45

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Қанат Құлшыманов Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы болды.

Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы (04.2022-02.2023);  Үкіметтің баспасөз қызметінің басшысы (02.2023-03.2024); Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (03.2024-11.03.2025); Президенті Әкімшілігі коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі (11.03.2025 бастап)  болды.

JQ-Aqparat

Фото: gov.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі