jasqazaq.kz

Президент әкімдерге елді жаяу аралауды міндеттеді

19 сәуiр 2023, 11:40

Үкімете өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әкімдерге өздері басқаратын қаланы, елді мекендерді жаяу аралау керектігін ескертті.
«Біздің қалаларымыз нашар көрінетіндігін, балалар алаңдарымен жабдықталмағанын мойындауымыз керек. Шетелде болып тұрамыз. Әсіресе Шығыс Еуропада, Балқанда қалаларының бюджеті біршама аз болғанына қарамастан тартымды көрінетін шаһарлары бар. Бұл жұмыс муницииалды биліктің жұмысы да шығар. Дегенмен, екінші жағынан бұл сол жерде тұратын адамдардың да қарым-қатынасы. Ол бізде жоқ. Қалалықтар өздерінің үйлеріне, көшелеріне және басқаларына қалай болса солай, бей-берекет қарайтындығы сынды проблемалармен бетпе-бет келіп отырамыз. Мұндай жайт елордада да орын алып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне қалалық орталығы ғана емес шеткі аймақтары да сай болуы тиістігін бірнеше рет айттым. Таяуда Семейдегі балалар алаңы туралы сюжет көрсетті. Оны пайдаланудың өзі қауіпті. Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл елордаға да қатысты», – деді. Президенттің ескертпесін барлық деңгейдегі әкімдері қаншалықты ескеріп, ел ішін жаяу аралайтынын уақытында көреміз.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура