jasqazaq.kz

Президент: АЭС құрылысы үшін халықаралық консорциум құру мәселесі пысықталып жатыр

31 қазан 2024, 14:08

Қазақстан АЭС құрылысы үшін халықаралық консорциум құру мәселесін пысықтап жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Үкімет жаңартылатын энергетика секторының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ұмтылады. Біз Total, Swabint, Aqua Power және Masdar сияқты әлемдік ойыншылармен қуаты 43 гигаватт болатын жасыл энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы келісім жасадық», — деді.

Мемлекет басшысы еліміздің атом энергетикасын дамыту үшін әлеуеті зор екенін айта келе:

«Біздің еліміз ядролық отын циклі аяқталған дерлік әлемдегі ең ірі уран өндіруші саналады. Өздеріңіз де білетіндей, жақында өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы мақұлданды. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігімізге ұзақ мерзімді инвестиция саналады. Қазіргі уақытта біз осы жоба үшін халықаралық консорциум құру мәселесін пысықтап жатырмыз», — деді.

JQ-Aqparat
Сурет: aqorda.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі