jasqazaq.kz

Премьер-Министр: Жаңа Салық кодексінің арқасында бюджет 3 трлн теңгеге толығады

27 маусым 2025, 11:46

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің экономикалық реформаларды жүргізу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды jasqazaq.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олжас Бектенов: «Жаңа Салық кодексінің арқасында біз келесі жылдан бастап республикалық бюджетке қосымша шамамен 3 трлн-нан астам түсімдер түседі деп есептейміз. Бұл қаржының барлығы тек даму мақсаттарына бағытталады.
Даму мақсаттары дегеніміз, бірінші кезекте ол ірі инфрақұрылымдық нысандарды іске қосу, электр қуат көздерін автомобиль және теміржол жолдарының желісін дамыту, инженерлік желілерді жаңғырту сияқты маңызды міндеттерге жолданатын болады. Ал бұл салалар ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Сондықтан біз осы бағыттарда белсенді әрі тиімді жұмыс істейтін болсақ, елімізде тұрақты экономикалық өсім болады. Оның нәтижесінде салықтық база кеңейеді және республикалық бюджетке түсімдер түседі. Соның арқасында мемлекет әрі қарай да өз міндеттерін орындайды», — деді.
JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы