jasqazaq.kz

Премьер-Министр мемлекеттік сатып алуды жеңілдетуді тапсырды

12 ақпан 2024, 19:59

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алу мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуында отандық тауар үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды.
Үкіметтің баспасөз қызметі жазғандай, Премьер-Министр қолданыстағы рәсімдер көбінесе мемлекеттік сатып алу процесінің әдейі кешіктірілуіне әкеліп соқтыратынын, соның салдарынан жаңа жобаларды іске асыру және тұтастай алғанда экономиканың дамуы баяулайтынын атап өтті.
Мұндай жағдайда пәрменді түрде алға жылжу керек. Өйткені қазіргі сатып алу жүйесі бәрін тежеп отыр. Конкурстарға шағымдану рәсімінің төңірегінде тұтас астыртын бизнестер пайда болды. Кейіннен бұл мәселеге қайта айналып соқпас үшін біз жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек», — деді Олжас Бектенов Үкіметтегі кеңесте.
Бұл ретте ол тиісті ынталандыру тетіктері арқылы сатып алулардағы отандық тауарлардың үлесін едәуір арттыру қажеттігіне тоқталды. Бұл мәселе елімізде әлі жолға қойылмаған жаңа өндіріс атаулыны қолдауға да қатысты.
Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде сарапшылармен және бизнес-қоғамдастықпен бірге қажетті шараларды пысықтауды, оларды Парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуді тапсырды.
«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов айтылған тәсілдерді қолдап, оларды іске асыру үшін министрліктермен бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
Сондай-ақ жиында QazTech мемлекеттік басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу және тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері қаралды.
JQ-Aqparat

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі