jasqazaq.kz

Премьер-Министр: Кәсіпорындарда жарақаттануға мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізу қажет

10 маусым 2025, 11:48

Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында еліміздің қауіпті өндірістік нысандарындағы жарақат алу жағдайларын анықтау мен есепке алу бойынша ақпараттық жүйелерді интеграциялауды осы жылдың 1 қарашасына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін еңбекті қорғау саласындағы біртұтас цифрлық экожүйені құруды қамтамасыз етуі тиіс.

Олжас Бектенов: «Еңбекті қорғау мәселесінде жұмыс берушілердің өздерінің рөлі мен қатысуы өте маңызды. Жұмыс берушілердің жұмыскерлермен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, кәсіпорындарда жарақаттануға мүлдем төзбеушілік қағидатын, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесін белсенді түрде енгізу қажет», — деп атап өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы