jasqazaq.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09 мамыр 2023, 13:49

Үкімет басшысы Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс күніне орайластырылған шара елордалық «Ақжайық» саябағында өтті.
Аты аңызға айналған пулеметші Мәншүк Мәметова студенттік жылдары Медициналық институтта оқи жүріп, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Хатшылығында жұмыс істеді. 1942 жылғы тамызда ол өз еркімен майданға аттанды. 21-ші атқыштар дивизиясы мен 100-ші атқыштар бригадасының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант атағын алды, пулеметшілер тобының командирі болды.
Мәншүк Мәметова 1943 жылғы қазан айында (қайтыс болғаннан кейін) Невель маңындағы шайқасқа қатысқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі