jasqazaq.kz

Перизат Қайрат ісі: Сахнада жылап, жұрттың сенімін арттыру үшін мүгедек балаларды шақырған

21 ақпан 2025, 12:07

Волонтерлік жұмыстың «көлеңкесінде» алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінген Перизат Қайраттың ісіне қатысты тың дерек жарияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

ҚМА мәліметінше, биылғы жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді.

П.Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.


Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.
Оның тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан.

Сонымен қатар, П.Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 млн теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген. Бірақ бұл учаскені 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған.
Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған.

Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

JQ-Aqparat

Сурет: ҚМА видеосынан кадр

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі