jasqazaq.kz

Полициядан шыққан бойда ақтөбелік азамат тағы көлік ұрлығын жасады

13 мамыр 2016, 18:19

1398255489

Ақтөбеде «Фольксваген-Пассат» автокөлігінен магнитола мен планшет ұрлаған 35 жастағы тұрғын тәртіп сақшыларының қолына түсті. Зауыт полиция бөлімшесіне жеткізілген күдікті алдымен түсініктеме жазды. Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шақырған бойда полиция бөліміне келетін болып сөз берген оны тәртіп сақшылары босатып қоя береді.

Алайда, жол-патруль полициясы батальонының қызметкерлері бірнеше сағаттан соң, әлгі азаматты тағы бір қылмыс жасап жатқан жерінен қолға түсіреді. Бұл жолы «Фольксваген-Транспортер» автокөлігін бұзып ашқан ол автомагнитола мен антирадарды ұрласа керек.

Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, күдікті қала аумағында жоғарыдағыға ұқсас тағы төрт қылмыс жасапты.

Асқар Ақтілеу

Ақтөбе

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде