jasqazaq.kz

Полиция капитаны есірткі таратқаны үшін 15 жылға сотталды

28 тамыз 2024, 11:13

Қостанай облысында полиция қызметкері өзінің қызметтік бабын пайдаланып, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтап, өткізген.
«Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, денсаулығына зиян келтіру және қорқыту арқылы бір азаматты екінші азаматқа айдап салып, аса ауыр қылмыс жасауға итермелеген. Ол қызметтік көлікте отырып, аса ірі көлемде психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізген», — деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Тексеру барысында оның автокөлігінің салонынан аса ірі көлемде заңсыз сақтап, тасымалдап жүрген гашиш пен меткатинон (психотроптық заттың аналогы) табылып, тәркіленді.
«Сотталушының жеке басын, іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің нормаларын қолдана отырып, сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді», — делінген сот үкімінде.
Ол «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі