jasqazaq.kz

Полиция интернет-алаяқтардың 4 call-орталығын жойды (Видео)

12 қыркүйек 2024, 11:16

ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға “жоқ” инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған. 47 шетел азаматы, сондай-ақ Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды. Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды қырағы болуға шақырады. Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар.

  • Сізге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Егер сілтеме бойынша өтіп қойсаңыз, онда мессенджеріңізді қосылып тұрған басқа құрылғылардан ажыратыңыз.
  • Бейтаныс абоненттердің бейнеқоңырауларына жауап бермеңіз.
  • Егер біреу телефон арқылы несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны “қауіпсіз” шотқа аударуды ұсынса – сенбеңіз. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері мұндай операцияларды ешқашан телефон арқылы жүргізбейді.
  • Жеке деректеріңізді, банк картасының жарамдылық мерзімін, CVV-кодын ешкімге бермеңіз.
  • Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз. Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын және жобаның өзін мұқият тексеру қажет.
  • Телефоныңызға қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және PlayMarket платформаларын пайдаланыңыз.

Өзіңізге және жеке ақпараттарыңызға мұқият болыңыз! Полиция әрқашан жаныңызда! Алайда көп нәрсе сіздің қырағылығыңызға байланысты екенін естен шығармаңыз! – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі