jasqazaq.kz

Полиция бөлімшесіндегі әйелдің мәйіті: ес-түссіз табылған полицейге қатысты тың ақпарат шықты

02 қазан 2025, 10:56

Қарағандыда полиция бөлімшесінен өлген әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан учаскелік полицей табылды. Тәртіп сақшысы ауыр жағдайда дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Қазір құзырлы органдар адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz. КТК-ға сілтеме жасап. 

Полиция пунктіндегі екеуді учаскелік инспектордың әріптесі кеше кешкі сағат он шамасында тапқан. Қайтыс болған 23 жастағы қыз жалаңаш күйде болған деген ақпарат бар. Ал 36 жастағы полиция майоры ауыр халде аурухаға жеткізіліпті. Дәрігерлердің айтуынша ол әлі ес-түссіз жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Ол полицияда 2011 жылдан бері қызмет етеді екен. Тәртіп сақшылары бұдан өзге оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр. Дегенмен әлеуметтік желіде учаскелік инспектор мен марқұм қыз бөлімшеде есірткі пайдаланып уланған деген әңгіме таралып жатыр.

Нығмет Исмағұлов Қарағанды облысы ПД бастығы: — Аталған жағдайды жан-жақты әрі обьективті тексеру үшін арнайы жедел тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды. Барлық әрек мұқият зерттеліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды шындыққа жанаспайтын ақпаратан бас тартуға шақырамын.

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті