jasqazaq.kz

Полиция басшысының орынбасары бөтен біреудің көлігін сатып жіберген

19 қантар 2017, 9:30

Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты өзіне тиесілі емес көлікті сатып жібергені үшін, айыпталып отырған жергілікті ішкі істер органы басшысының орынбасарына қатысты үкім шығарды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «аталмыш істің мән-жайын анықтау барысында қылмыстық жауапқа тартылып отырған тәртіп сақшысы 2016 жылдың шілдесінде өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, иесі Тәжікстан азаматы болып табылатын «КамАЗ» маркілі жүк көлігін өзінің танысына сатып жіберген. Көліктің иесі оны сатуға келісімін бермеген. Сот полиция басшысы орынбасарының әрекетін заңсыз деп тауып, оның мүлкін тәркілей отырып, 2 мың АЕК, яғни 4 млн 242 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ ол болашақта мемлекеттік органдар мен ішкі істер саласында ешқашанда да лауазымды қызметті атқара алмайтын болады. Бұрынғы тәртіп сақшысы, сонымен қатар майор шенінен де айырылды», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде