jasqazaq.kz

Полиция бөлімшесінің терезесінен секіріп, қайтыс болды

12 тамыз 2016, 19:04

photo_28406

34 жастағы ер адам Әуезов аудандық полиция бөлімшесінің екінші қабатынан секіріп кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әуезов ауданының Прокуратурасы оқиғаның бүгін, 12 тамызда таңғы уақытта Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында орналасқан полиция ғимаратында болғанын хабарлады.

Ер адам полиция бөлімшесіне ұрлық жасады деген күдікпен жеткізілген. Әжетханада бола тұрып, ол терезеден секіріп қашпақ болған. Ер адам сәтсіз құлап, асфальтқа басын соққан. Оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі қалалық № 7 ауруханаға жеткізген. Ол сол жерде қаза тапқан.

Қадағалаушы органның хабарлауынша, осы дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеліп, қажетті сараптамалар жүргізілуде. Әуезов ауданының Прокуратурасы осы істі өз қадағалауына алды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде