jasqazaq.kz

Полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды

10 шiлде 2023, 14:47

Лисаков қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері көпқабатты үйдің тұрғындарын өрттен құтқарды. Polisia.kz-нің жазуынша, оқиға 9 шілде күні түстен кейін болды. «Учаскелік полиция инспекторы Жаслан Болдусовтың ұялы телефонына 6 шағын ауданның тұрғындарынан қоңырау келіп түскен. Полицейге 5-қабатта балконда кішкентай қыз бар, пәтерден түтін шығып жатыр деп хабарлаған. Өрт орнына учаскелік полицей Азат Нұрғалиев, патрульдік полиция қызметкері Айбек Байсапақов және полиция басқармасы бастығының орынбасары Ораз Жансайбай келген. Сондай-ақ өрт сөндірушілер де шақырылды. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жағдайды бағамдады. Алтыншы қабаттан балконға түсіп, баланы құтқару туралы шешім қабылданды. – Алайда балконның өзі тым тар болып, есікті бұзуға тура келді. Осы кезде өрт сөндірушілер келіп, 8 жастағы баланы түтінді пәтерден алып шықты, – деді учаскелік полицей Жаслан Болдусов. Осы кезде полицейлер басқа тұрғындарды эвакуациялай бастаған. Жасөспірімнің анасы пәтерде түтіннің салдарынан пәтерден шыға алмайтын 15 жасар қызы бар екендігін айтқан. Полиция оған эвакуациялауға көмектесіп, қызын анасына берді. Өрт тез сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт сымдардың тұйықталуына байланысты болған. Үй тұрғындары өртті сөндіріп және тұрғындарды эвакуациялауға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді», – деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі