jasqazaq.kz

Полицейлер планшет арқылы айыппұл салуда (видео)

15 мамыр 2017, 15:16

Астананың полицейлері хаттама толтыратын планшеттерді сынақтан өткізуде.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Фейсбуктегі парақшасында айыппұл салудың жаңа жүйесі туралы видео жариялады.

«Өткен бейсенбіден бері Астанада жол полицейлерімен бірге Е-айыппұл жүйесін тестілеуден өткізудеміз. Комитет тарапынан дайындалған бұл жүйе жол сақшыларын қағазбастылықтан арылтуға негізделген. Комитеттің прокурорлары полицилейлермен бірге қаланы аралап, планшеттердің жұмысын, яғни жүйенің дұрыс істеуі сияқты нәтижелерге бақылау жасауда», — дейді Б.Мусин.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде полицейлердің тарапынан осы жүйеге қатысты кері байланыс орнатылды. Кейбір функциялар өзгертулер енгізуді талап етуде.

«Мысалы, егер ережені бұзған адам хаттаманы толтырудан бас тартатын болса, онда куәгердің куәлік еткенін көрсететін, олардың құқық бұзушы туралы түсіндірмесін толтыратын жер қажет. Жалпы алғанда, жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Бұл жаңа жүйені полицейлер де, құқық бұзушы да жақсы қабылдауда. Полиция қызметкерлері үшін тіпті тиімді десе де болады. Олар жүргізушінің ЖСН енгізіп қана, өзіне қажетті барлық ақпараттарды ала алады», — дейді ол.

Планшетті қолдану арқылы полицейлер тек жүргізушінің куәлігі арқылы оның техникалық тексеруден өткені мен сақтандыру полюсі сияқты мәліметтерді құжатсыз-ақ көре алады.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде