
Батыс Қазақстанда браконьерлермен күресуі тиіс полицейлердің өздері киік аулап, істі болды. Бұл туралы Астана телеарнасы аймақтағы табиғат қорғау полициясының өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Соңғы кездері киік атушылар айтарлықтай көбейген. Жыл басынан бері Бөкей ордасы мен Жаңақала аудандарында 3 оқиға тіркелген. Ал Қазталов ауданында 150 дана киік мүйізін алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Былтыр браконьерлердің үстінен 22 қылмыстық іс қозғалып, 7-еуі іс сотқа жіберілген. Киік аулайтындардың көбейгенін мамандар жазаның жұмсақтығымен байланыстырады. Айта кетелік, заңсыз аң аулағандарға 11 миллион теңге айыппұл немесе бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еламан Валиев, БҚО ІІД табиғат қорғау полициясы бөлімінің басшысы:
Полиция қызметкерлері және «Охотзоопром» инспекторларына заңсыз киік ату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтөбе мен Атырау сияқты көршілес облыстардан браконьерлер келіп жатады. Олар ұсталып та жатыр.