jasqazaq.kz

Полицей әйелді ұрған ер адамға қатысты жантүршігерлік істің беті ашылды (видео)

01 мамыр 2017, 0:03

Алматыдағы мектеп алаңында полицей әйелді ұрып-соққан ер адам өз әкесін өлтіргені үшін сотталған.

Басылымның мәліметінше, ер адам Ақтас ауылындағы психиатрлық емханада үш жылға таяу уақыт болыпты, айта кетсек, осы емханада адамжегіш Николай Жұмағалиев өмір сүріп жатыр. Ұсталған Кимнің айтуынша, ол Симба деген итін қыдыртып жүріп, анда-санда мектеп территориясына кіреді екен. Осы жолы футбол алаңында ол таныс баланы көріп қалған екен. Ол балаға үйінен балта әкеліп, ағаш бұтақтарын шабуды бұйырыпты. Жетінші сынып оқушысы оның айтқанын істеген. Осы кезде оны ювенал полицияның инспекторы көріп қалған. Инспектор балаға ағаштан түсуін және сабағына баруын сұраған. Өз міндетін атқару үстінде полицей ер адамның құжаттарын және балаға қандай қатысы барын сұраған. Ким ойланбастан баласы екенін айтқан. Осы сөзін сендіру үшін ер адам баланы ұстап, әкесі екенін айтуын сұрапты. Еске салайық, оқиға Алматыдағы №114 мектепте биыл сәуірде болған. Ұсталған ер адам полиция офицеріне қол көтергені үшін өзін кінәлімі деп есептемейді екен. «Баланы айтқанымды тыңдамаса, оны да ұрып-соғамын», — деді ол. Ер адамның айтуынша, полицейдің әрекеті оны ызаландырған, сөйтіп ол басымен соққы жасаған, кейін жұдырығымен бетіне соққы жасай бастаған. Әйел құлаған кезде аяғымен ішінен тағы да бірнеше рет соққы жасаған. Мұнымен қоймай, ол полицей әйелді шашынан тартып, бетіне тізесімен соққы жасапты. Кейін оқиғаның куәгерлері оны тоқтатып, полицейді мектеп ғимаратына кіргізіпті. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция жасағы шақыртылған. Сөйтіп, әйел мұрны сынып, көптеген жарақат алып, бассүйек ми жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. Ал енді, Кимнің әкесін өлтіргені үшін сотталғаны белгілі болып отыр. Айтуынша, әкесі теледидардың пультін сұрағаны үшін ол оны өлтіріп тастаған. Ким бұл қылмысы үшін 2 жыл 7 айға сотталған. Бұл мерзімді ол Алматы облысындағы Ақтас ауылындағы арнайы түрдегі ауруханада өтепті. «Ким 2007 жылы кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тергеу барысында оның психикалық ауруы бар екені және соттың оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі шара қолданғаны белгілі болған. Осыдан кейін ол Ақтастағы республикалық психиатрлық ауруханаға жатқызылған», — деп хабарлады Алатау аудандық проукурор Ерлан Меңдешев. Оның айтуынша, ер адам бұған дейін мәжбүрлі медициналық сипаттағы шаралар қолданылғандықтан, қазіргі ісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. «Егер сараптама Кимнің оқиға кезінде ақыл-есі дұрыс болды дегенді көрсетсе, оған 380-баптың 2-бөлігі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», — дейді Меңдешев.

https://youtu.be/eqqeHrzBl8A

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде