jasqazaq.kz

Пойыздар неге кешігеді?

26 қараша 2024, 16:07

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жолаушылар пойыздарының кешігуі туралы мәселені көтерді. Азаматтардың теміржол көлігінің келу кестесін бұзғаны туралы өтініштерінің өскені байқалып отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жағдай ерекше бақылауда екенін, ал кешігулер теміржолдарды ағымдағы жөндеуден туындағанын атап өтті.

«Бұл жағдай жолдарды жөндеумен және жолаушылардың қауіпсіздігімен байланысты. Соңғы 2 жылда жөндеу жұмыстарының көлемін 2-3 есеге арттырдық. Жолаушылар алдындағы қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деп түсіндірді Нұрлан Сауранбаев.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы компанияның атқарып жатқан жұмысы туралы баяндады. Тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту 85 пайызды құрайды. Контейнерлік транзиттік тасымал тұрақты өсімді көрсетуде: 3 жыл ішінде жүк тасымалы көлемі 30 пайызға өсті.

JQ-Aqparat
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі