jasqazaq.kz

Пойыз жолаушылары вагон дәлізінде ұйықтаған

13 тамыз 2016, 2:33

91998-preview-image

№41 Алматы–Атырау бағытында қатынайтын пойызда түсірілген адам шошырлық суретке «Жолаушылар тасымалы» пікір білдірді.
«Жолаушылар тасымалдайтын пойыздың әр вагонында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшысының телефон нөмірі жазылған. Жолаушылар WhatsApp желісі арқылы аталмыш нөмірге арыз-шағымдарын жібере алады. Ақпарат келіп жеткен соң, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті сурет авторымен бірден байланысты. Мәселенің жай-жапсарын анықтау үшін Атырау қаласына өндіріс бойынша вице-президент жөнелтілді. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Егер де ақпарат расталса, кінәлілер қатаң жазаланады, жұмыстан қууға дейін барамыз. Жыл басынан бері тәртіп бұзған 124 қызметкермен еңбек шарты бұзылған болатын», – делінген компанияның мәлімдемесінде.

Жолаушы азамат пойызға жиі мінетінін және мұндай жағдайлардың жиі орын алатынын айтады.“Мен осы пойызға 4-5 жылдан бері айына бір рет мініп келемін. Террорлық қауіптілікке де, басқаға да қарамастан бұл жағдай қайталана береді. Билеті жоқтарды отырғызады, ол аздай ақша үшін кез келген қораптарды ала береді. ҚТЖ-ның «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентімен тікелей байланысуға болатынын барша жұрт білсе деймін. Басшылыққа осындай азаматтардың келуімен бұл мәселе оңтайлы шешімін табады деп үміттенемін”, – деп ағынан жарылды пойыз жолаушысы Асқар Екшембеев.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде