jasqazaq.kz

Пойыз басшысы қызметінен кетті

18 тамыз 2016, 16:46

Poezd

«Алматы-Атырау» пойызының вагондарының бірінде адам жүретін жерде ұйықтап жатқандардың суреті Желіде көп талқыланған болатын. Дауға айналған суреттен кейін пойыз басшысы жұмысынан қуылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.

Еске салайық, таяуда пойыз вагондарында билетсіз адамдардың балаларымен бірге ұйықтап жатқан сурет пайда болған еді. Суретті Желіге жүктеген адамның айтуынша, сурет 12 тамызда «Алматы-Атырау» (№041) хабарламасындағы пойызда түсіріліпті.

«Бұл суреттің рас-өтірігі нақтыланбады. Бұған қарамастан, пойыз басшысы өз қызметінен босатылды», – деп хабарлады Қилыбай.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасының айтуынша, мұндай шаралар жолаушылардың бұл пойызда осындай жағдайлардың жиілеп кеткені туралы шағымдарынан кейін қабылданыпты.

«Бұған дейін мұндай шағымдар келіп түскен еді, осыған байланысты оны басқа қызметке ауыстырдық. Енді ол учаске басшысы емес», – деді басқарма төрағасы.

kaz.tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде