jasqazaq.kz

«Пияз қыста қымбаттамайды». Қысқа дейін қай заман?

19 маусым 2023, 15:11
Фото: alataunews.kz

Фото: alataunews.kz

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев пияз бағасының қыста 500 теңгеге дейін көтерілмейтініне сенімді.

Вице-министрдің айтуынша, бұдан былай айналым схемасы елімізде өндірілмейтін өнімдерге ғана қолданылады.

«Биылдан бастап әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуға 100 млрд теңге бөлінетін болса, соның 70 пайызы тікелей өндірушілерге бағыттаймыз. 30 пайыз өнім өзімізде өндірілмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі. Осындай жағдайларға ғана айналым схемасы қолданылады. Бірақ оған қатысушылар, ең бастысы, қатаң міндеттеме алады. Мысалы, мен ақшаны 5 пайызбен сізге беремін, сіз ол ақшаның тауардың құнына және қажетті көлемге айналдырасыз. Оның үстіне жыл бойында баға секірісі болмау керек деген қатаң міндеттеме болады», — деді Арман Шаққалиев.

«Пияз бағасының өсетін кезі – қыс. Ондай болмау үшін мына индикативтік баланс арқылы бізге қанша өнім керек екенін, қала тұрғындарына қандай қор керек екенін біліп отырмыз. Биыл қыста пияз бағасы 500 теңге болмайды», — деді Арман Шақалиев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі