jasqazaq.kz

Пима ұрлап, ормандағы жеркепеде жасырынған

10 желтоқсан 2024, 15:02

Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жеркепеде жасырынған. Polisia.kz хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысындағы М. Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне мал ұрланғаны туралы арыз келіп түскен. Белгісіз адам ауыл тұрғынының жылқысын ұрлап әкеткен.

Қорадағы жануармен бірге ер-тоқым, жүген мен киіп жүрген пимасын да алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер мен жылқының иесі қар үстіндегі ізге түсіп, 30 шақырымдай жүрді. Із Булаево – Молодогвардейское автожолына жақын жердегі орман ішіне алып барды. Полиция қызметкерлері қалың бұталардың арасында қазылған жерге үстін жауып тұрғызылған, ішіне қолдан жасалған пеш орнатылған жеркепені байқады. Ауданның 48 жастағы тұрғыны жылқы етін кесіп жатқан жерінде ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, полицейлер күдіктінің осы қылмысты жасағанын білген.
«Бұл азамат бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталып, үш жыл алты айға бас бостандығы шектелген, бірақ пробациялық бақылауға тұрмай, қашып кетіп, бой тасалаған. Дәл осы адам ұрланған жылқының иесінде бұрын жұмыс істеген, қора-қопсының орналасқан жерін және қандай жылқылардың үйретілгенін жақсы білген. Жоғалған пима қылмыскердің адамдардан жасырынып жүргенін байқатты», – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамов.
Мал және пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен ұсталған ер адам қамауға алынды. Ол пәтер ұрлығын сот үкімі шыққаннан кейін жасырынған күні жасаған. Сондай-ақ пробациялық бақылау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
Жыл басынан бері СҚО-да мал ұрлығының 5 фактісі тіркелді, оның үшеуі ашылды.

JQ-Aqparat
Сурет: рolisia.kz

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты