jasqazaq.kz

Петропавлдық отбасында он тоғызыншы бала дүниеге келді

07 тамыз 2024, 14:53

Петропавлдағы ең көпбалалы отбасында тағы бір нәресте дүниеге келді. Ерлі-зайыпты Култышевтер 19-ыншы нәрестесін өмірге әкелді.

Қуанышты хабармен Петропавлдағы перинаталдық орталық бөлісті.
«Бойы 56 сантиметр, салмағы 4 250 грамм болатын сүйкімді қыз өмірге келді. Бұл – қуаныш пен бақыт сыйлайтын өте керемет оқиға. Шаңырақтарыңыздан береке-бірлік кетпей, жылулыққа толы болсын», — делінген перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, нәресте 6 тамыз күні таңғы сағат 5.20-да дүниеге келген.

«Ана мен баланың жағдайы жақсы. Ертең үйлеріне жіберуіміз мүмкін. Жаңа босанған жас ананың жасы 43-те. Нәрестенің әкесі – 45-те. 19 баланың барлығы біздің перинаталдық орталықта дүниеге келген», — дейді Елена Калюжная.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі