jasqazaq.kz

Петропавлда оқушыларды сабақ үстінде сылақ басып қалған

06 желтоқсан 2024, 11:00

Петропавлда сабақ үстінде сылақ басып қалған оқушылар ауруханада жатыр. КТК телеарнасы хабарлағандай, оқыс жағдай осыдан төрт жыл бұрын ғана салынған жаңа мектепте болған. Петропавл білім бөлімінің басшысы Динара Рақышева бұл кезде оқушылардың математика сабағында отырғанын айтады. Зардап шеккен үш бала бірден жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліпті.
«Ата аналарына айтылды. Олармен үнемі байланыстамыз, қолдан келген көмекті беріп жатырмыз», — деді. Оқыс жағдай «Жас өркен» ауданында ашылған орта білім беретін № 6 мектепте болған. Төбенің сылағы сыныпта артқы партада, терезе жақта отырған балалардың басына түскен.
Енді бұл оқиғаның себебін құрамында Төтенше жағдайлар департаменті, құрылыс саласының мамандары және ата-аналардан құралған комиссия анықтайды. Сылақ құлаған оқушыларға алғашында «миы шайқалды» деген диагноз қойылған. Үшеуі де ауруханада. Дәрігерлер олардың жағдайы жақсы екенін жеткізді.

JQ-Aqparat
Сурет: ktk.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі