jasqazaq.kz

Петропавл: жолаушы автобустың шопырын есінен тандырды (Видео)

10 сәуiр 2023, 14:19

Петропавлда жол ақысын төлемей автобустан түсіп кетпек болған жолаушы жүргізушіні мойнынан буындырған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 сәуір күні сағат 19:30 шамасында болған.

5 «М» бағытындағы автобуста келе жатқан жолаушы өз аялдамасын өткізіп алып, жол ақысын төлеместен түсіп кетпек болған. Алайда жүргізуші есікті ашпай, тек келесі аялдамада тоқтаған. Ашуланған жолаушы шығып бара жатып, автобус жүргізушісін буындырған. Ол талып қалған.
Автобус Қизатов көшесіндегі аялдамада тоқтап тұрған кезде ер адам жүргізушімен және басқа жолаушымен жанжалдасып, бұзақылық жасады.

Осы факті бойынша облыс орталығының 67 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ДТП Петропавловск Казахстан (@dtp_sko)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі