
Мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев Петропавл вокзалының жұмысын жергілікті уақыт белдеуіне ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы stan.kz хабарлады.
“Петропавл вокзалы – пойыздардың бару-келу уақыты Мәскеу уақытымен көрсетілетін еліміздегі жалғыз вокзал” деген депутат, оны жергілікті уақыт белдеуіне ауыстыру керектігін айтып, реніш білдірді.
Депутат, еліміздегі барлық вокзалдар Қазақстан қабылдаған сағат белдеуіне бағынуы керектігін де атап өтті.