jasqazaq.kz

Петропавл қаласындағы арандатушылықққа қатысты мәлімдеме

31 наурыз 2023, 19:11

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Народный Совет г.Петропавловск» деп аталатын ұйымның атынан шыққан бір топ адамдардың арандатушылық мәлімдемесін қатаң түрде айыптайды.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығының мызғымастығын және оған ішкі және халықаралық заңнамаммен кепілдік берілгенін мәлімдейміз.
Бұл әрекеттерді мемлекетіміздің конституциялық негіздеріне, қауіпсіздігіне, бірлігі мен тұрақтылығына қарсы бағытталған ел мүддесіне жасалған опасыздық деп бағалаймыз.
Біз біртұтас халық ретінде қазақстандық қоғамда ешкімнің араздық пен сенімсіздік таратуына жол бермейміз!
Мұндай арандатушылықтар аса жауапсыздықтың көрінісі және құзырлы органдар тарапынан қатаң түрде тиылу керек. Кінәлілер сот тәртібімен заң аясында жазалануы тиіс.
Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарды мұндай әрекеттерге бой алдырмауға және мызғымас бірлігіміз бен қоғамдық келісіміміздің негізі – халқымызға тән даналықты, төзімділікті, сенім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырады.
Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз және біз қай жерде болсақ та сүйікті Отанымыздың өкілдеріміз, ал халықаралық қауымдастық бізді біртұтас әрі қуатты ұлт ретінде таниды.
Біз әртүрліміз, бірақ бірлігіміз әралуандылықта. Бұл қағидадан біз ешқашан ауытқымаймыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде