
Өрімдей қыздың өліміне себепші болған Максим Главатский өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ntv.ru хабарлайды. Оқиға Санкт-Петербургтағы Мурмандық абақтыда орын алған. Құқық қорғау органдарының анықтауы бойынша сотталушы соңғы сәтінде туыстарына ақырғы хатын жазып, жан тапсырған.
Еске сала кетейік, 2009 жылдың қаңтар айында қанышер жұмыссыз жүрген Юрий Можновыймен бірігіп, 16 жасар қызды өлтіріп, бөлшектеп етін жеген болатын. Сонымен қатар өздерімен қоса құнды заттарында ала кеткен.
Салтанат Шырынхан