
Мәскеу маңындағы Одинцовск ауданында Петербург метросындағы терактіні ұйымдастырғандардың бірі, Орталық Азияның тумасы Аброр Азимов ұсталды. Бұл туралы РИА Новости сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.
Атап өтерлігі, Азимов террорист-өзін жарып жіберген Акбарджон Джалиловты дайындаған. Құрықтау барысында одан әскери қару табылды.
Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Азимовты Тергеу комитетіне жеткізген.
Бұдан бұрын, Солтүстік астанада Джалиловтың сыбайластары болуы мүмкін деген алты күдікті ұсталған: Сейфулла Хакимов, Ибрагибжон Ерматов, Дилмурод Муидинов, Бахрам Ергашев, Азамжон Махмудов, Махамадюсуф Мирзалимов. Тағы екі күдікті— Шохист Каримов пен Содик Ортиков.
Тінту барысында олардан жарылғыш заттар табылды.
Күдіктілерді ұстау барысындағы видео кадрлары.