jasqazaq.kz

Перизат Қайрат кінәсін мойындамай отыр. Келтірілген шығын — 3,5 млрд теңге

03 сәуiр 2025, 11:05

Перизат Қайраттың ісін тергеу барысында келтірілген шығын 3,5 млрд теңге сомасында анықталды, деп хабарлайды jasqazaq,kz. 

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың мәліметінше, Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қылмыстық істі тергеу кезінде  келтірілген шығын бойынша әр түрлі сома айтылса, қазір 3,5 млрл теңге сомасындағы шығын анықталған.

П. Қайраттың тәркіленген мүлкі бойынша соңғы шешімді сот шығарады. Бұл мүлік зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеуге немесе мемлекеттің меншігіне өтеді.

Күдікке Перизаттың анасы да іліккен көрінеді.

«Анасы үй қамақта. Екеуі де күдікті. Анасын да алаяқтық бабы мен қылмыстық жолмен тапқан ақшаны жылыстату бойынша тергелді. Ол қызына көмектесіп, түскен ақшаны өзінің есепшотына аударған. Кейін осы қаражатты банктен шешіп, үй мен көлік сатып алған. Гүл сататын дүкендерді алуға көмектескен», — деді агенттік төрағасының орынбасары.

Күдікті Перизат Қайрат жаңа оңалту орталығының құрылысына, су тасқыны зардаптарын жоюға, Палестинада зардап шеккендерге ақша жинаған. Осы үш эпизод алаяқтық бойынша тексерілді, оларға қатысты тергеу аяқталды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған қаражатты активтерге біріктіру арқылы жасырған екі факті бар.  Жеңіс Елемесов зардап шеккендердің нақты санын айта алмайтынын, бірақ олардың саны өте көп екенін жеткізді. Ал Перизат Қайраттың өзі бұл істер бойынша кінәсін мойындамай отырған көрінеді.

JQ-Aqparat 

Сурет: inform.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі