jasqazaq.kz

Перизат Қайрат сотта кінәсін мойындамай, «фактілермен» тойтарыс беретінін мәлімдеді

14 шiлде 2025, 12:53

Астанада қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаева өздеріне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Перизат Қайрат судьяның сұрағына: «Мен өзіме тағылған негізсіз айыптауларды мойындамаймын. Бүгін сот процесі басталды, және кейін барлық фактімен өзіме тағылған кінәларға қарсы шығамын», — деп жауап берді.

Сонымен бірге ол қордың Бауыржан Байбектің басшылығымен құрылғанын айтып, одан да жауап алуды талап етті.
Оның анасы Гайни Алашбаева да айыпты мойындамайтынын айтты.

Сот процесі жалғасып жатыр.

Еске сал қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде Перизат Қайрат пен оның анасы танылды. Биылғы 4 сәуірде Перизат Қайраттың анасы Гайни Алашбаева үй қамаққа алынған болатын.

Тергеу анықтағандай, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат түрлі қайырымдылық шаралары арқылы 3,5 млрд теңге қаржы жинап, оны өзіне жаратқан. Ал қаржы негізінен балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек көрсету үшін жиналған деп көрсетілген.
Тергеу жұмыстары анықтағандай, жиналған қаржының қомақты бөлігін Перизат Қайрат сән-салтанатпен өмір сүру үшін жұмсаған. Оның қымбат әшекейлері, бренд сөмкелері, көліктері мен бірнеше пәтер сатып алғаны әшкереленді.

Ол жиналған қаржыны заңдастыру үшін жалған келісімшарттар жасап, жеке кәсіпкерлермен келісімдер жасаған. Ал оның анасы ақшаны алып шығуға көмектескен.

JQ-Aqparat

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды