jasqazaq.kz

Перизат Қайратқа Палестина тұрғындарына жиналған 200 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды

16 қараша 2024, 10:07

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын хабарлады.

Агенттік хабарлауынша, 2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды.

“2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. «Sensata Plaza» элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге «Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic» жаңа автокөлігін сатып алды. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де «Rolex», «Prada» және «Fendi» брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды”,- делінген хабарламада.

Бұл эпизод бойынша Перизат Қ. 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда.

Егер сіз Перизат Қайраттың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болсаңыз, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 10 мекен-жайы бойынша немесе +7 (7172) 70-84-78 телефон нөмірі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарласуыңызды сұраймыз.

JQ-Aqparat

Сурет: instagram.com/01pk/

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде