jasqazaq.kz

Перизат Қайрат ісі: тағы бір құрылыс компаниясы қорға 200 млн теңге аударған

16 шiлде 2025, 12:07

Елордада Biz birgemiz қорының жетекшісі болған Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот отырысы үшінші күнге жалғасты.

Inform.kz хабарлағандай, бүгінгі сот отырысы куәгерлерден жауап алудан басталды. Сотта «Стройконструкция» АҚ-ның өкілі, заңгер Галина Исаева жауап берді. Оның айтуынша, компания 2024 жылғы су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың қорына 200 миллион теңге аударған.

Куәгердің мәлімдеуінше, құрылыс компаниясы Biz birgemiz қорымен байланысқа шыққан. Сондай-ақ компания басшылығы қайырымдылық ұйымы туралы әлеуметтік желілердегі бейнероликтер мен жарнама және ашық ақпарат көздерінен білген.

2024 жылғы 2 мамырда су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету туралы шешім қабылданған. Ал 10 мамырда компания Перизат Қайрат қорының шотына 200 миллион теңге аударған. Қордың реквизиті жарнамадағы бейнероликтен алынған.

Одан бөлек Галина Исаева интернетке орналастырылған материалдар компания басшылығының шешіміне әсер еткенін айтты.

— Неліктен мен жарнаманы басшыма апардым? Онда Перизат Қайраттың «несиені тоқтатыңдар» деген сияқты өтініші болған. Бұл бізге әсер қалдырды. Себебі, адамдар расымен қиын жағдайда еді, — деді ол сотта.

Оның айтуынша, қорға ірі компаниялар мен банктердің қомақты қаржы аударуы аталған ұйымға деген сенімді арттырған.

Кеше өткен сот отырысында Forte Bank маркетинг директоры Антон Ким тасқын кезінде Перизат Қайраттың қорына жеке шотымнан жарты миллион теңге аударғанын айтқан еді.

Коллаж: Kazinform

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы