jasqazaq.kz

Педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы оңалды (видео)

26 сәуiр 2017, 10:40

Түргенде педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы оңалды. Дәрігерлер оны үйіне шығармақ. Қаршадай қыздың ауруханаға жеткізілгенде жағдайы тым ауыр болған. Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Басы жарақаттанып, миы шайқалыпты. Бұған қоса, қос жанарына да зақым келген. Ақ халатталар консилиум құрып, өскінді жіті тексерістен өткізіпті. Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік оқиға 14 сәуірде Алматы облысына қарасты Түрген ауылында болған. 8 жастағы кішкентай қызға 32 жастағы ер адам шабуыл жасап, оны сайға апарып зорламақ болыпты. Абырой болғанда, бұл арам пиғылы жүзеге аспай қалды. Маңайдан өтіп бара жатқан 11-ші сынып оқушысы жасөспірім қызды педофилдің құрсауынан құтқарып қалған.

«Бізде нейрохирург қарады, невропатолог қарады, педиатр. Бәріміз консилиум құрып, бізда қандай дәрігерлер бар қараған. Міндетті түрде психолог күніге сол қызбен жұмыс істеп, психологиялық көмек берген. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ауруханадан шығарайын деп жатырмыз. Үйіне шыққаннан кейін өзі бақылауда болу керек. Невропатолог және психолог дәрігеріне қаралу керек», — деді АЛматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ролан НҰРБАЕВ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде