jasqazaq.kz

Павлодарлық курьер есірткімен ұсталды

20 мамыр 2024, 10:33

Павлодарда тәртіп сақшылары курьерді ұстап, одан жалпы салмағы 1,6 килограм синтетикалық препараттарды тәркіледі.
Өңірлік полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласының аумағында тыйым салынған заттардың заңсыз таралуы туралы жедел ақпарат алған. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, есірткі тасымалдап жүрген 28 жастағы тұрғынды анықтады.
«Жедел уәкілдер қаскүнемді «қаптаманы» салып жатқан кезде ұстады. Ол танымал мессенджердегі интернет-дүкеннің курьері екені анықталды. Тексеру барысында жедел уәкілдер одан тыйым салынған заттардың орналасқан жері туралы ақпараты бар ұялы телефонды алып қойды. Сонымен қатар, жалпы салмағы 1,6 килограмнан асатын синтетикалық препараттары бар 18 конволюция мен 4 пластикалық контейнерді, сондай-ақ құрамында есірткі бар 189 таблетканы тәркіледі», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі