jasqazaq.kz

Павлодарлық әйел бюджеттен 19 млн теңге жымқырған

19 қантар 2024, 12:05

Павлодарда жалған еңбек шарттарын жасаған әйел бюджеттен 19 млн теңге жымқырған. Қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген азамат бас бостандығынан айырылды.

Polisia.kz хабарлағандай, 62 жастағы Павлодар тұрғыны, 1, 2, 3-топтағы мүгедектер бірлестігіне жіберілетін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауын, мүгедектерді еңбекке, мәдениет және спортқа баулуын, олардың әлеуметтік оңалтуын, интеграциясын және басқа да көмектеріне қолдау көрсететін корпоративтік қордың президенті болған. Сотталған азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, қордың вице-президентімен бірге, заңсыз баю мақсатында мүгедектерге көмек көрсететін адамдарға қызмет көрсетудің ақысын төлеу үшін бюджет қаражатынан алаяқтықпен жымқырған. Олар осы ұйымда жұмыс істемейтін адамдармен жалған еңбек шарттарын рәсімдеді. Осылайша, бюджет қаражатынан 19 млн теңгеден қаражатты қалтаға басқан. Сот сотталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 5 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, мемлекеттік қызмет саласында 5 жылға дейін қызметпен айналысу құқығынан айырды.

– Сотталған өзінің кінәсін түсініп, жасаған ісіне өкінді. Абай облысы бойынша әйелдер колониясына келген күннен бастап мекеме қызметкерлері сотталушының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анар Сабиева.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі