jasqazaq.kz

Павлодарлықтар нашақорлардың «есірткісін» еркін саудалайтын дәріханаларды жабуды сұрайды (видео)

03 маусым 2017, 18:50

Облыс орталығындағы үйлердің бірінде тұратын бір топ азамат дабыл қағуда. Олар аулаларында күнбе күн жүретін нашақорлардан қауіптенеді, себебі жергілікті дәріханалардың бірінде тропикамид препараты еркін саудаланады, деп хабарлайды Baq.kz.

Тұрғындардың айтуынша, нашаға тәуелді жандар препаратты темекінің қорабына тығып алып, заттың өз қорабын лақтырып жібереді. Бұндай көрініске тұрғындар күн сайын куә. Олар әдетте офтальмология саласында қолданылатын көз тамшыларын тамыр ішіне кіргізіп, химиялық есірткі түрі ретінде пайдаланады. Айта кетейік, тропикамид офтальмологияда диагностикалық және көз жанарын зерттеу мақсатында қолданылады.

Ал есірткі ретінде пайдаланған сәтте препаратқа деген тәуелділік пайда болып, адам өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды екен. Халық арасында «дәріханалық есірткі» деп аталып кеткен дәрі-дәрмек тек дәрігердің нұсқауымен саудалануы керек. Мамандардың айтуынша, көз тамшылары героиннің 1 грамынан әлдеқайда арзан болғанмен, денсаулыққа тигізетін залалы күшті нашаға пара-пар. Оған тәуелді адамдар ауыр сырқаттан қайтыс болады.

«Нашақорлардан қорқатын болдық. Үйіміздің ауласына нашақорлар жиналатын болды. Жанымыздағы дәріханадан тропикамид және өзге құралдарды сатып алады. Аулада қолданып, кейін айқайлап, мазамызды қашырады» , — дейді Сұрағанов 1 мекенжайындағы үйдің тұрғындары.

Тұрғындар атынан құрылған бастамашыл топ жауапты мемлекеттік органдарға шағымданған. Дегенмен, жағдайдың жақсаратын түрі жоқ. Тұрғындардың қорқынышы сейілмей тұр. Топ соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында құзырлы мекемелерге хат жолдапты.

«Біз фармацевтика саласын бақылайтын мекемеге, облыс әкімінің ресми сайтына хат жаздық. Бірнеше рет тәртіп сақшыларының көмегіне жүгіндік. Айтқан жауаптары бір – бірлескен жедел шараларын қолға алу. Бірақ, нәтиже жоқ. Ауламызда неше түрлі шприцтер, инелер жатады. Былтыр кішкентай бала байқамай инені басып қалған еді. Бақытымызға орай, бала дін аман», — деп алаңдаушылық білдірді тұрғындар.

Айта кетейік, барар жері қалмаған тұрғындар журналистердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болып отыр. Төртінші билік өкілдері мәселенің ақ-қарасын ажырату мақсатында жауапты мемлекеттік органдарға ресми сұраныс хаттарын жолдауға ниетті.

Бейнематериалдарды тұрғындар ұсынды.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде