jasqazaq.kz

Павлодарлық полицей үш адамды өлімнен құтқарып қалды

17 сәуiр 2017, 18:01

Павлодар облысында ауыл учаскелік инспекторы үш адамды ажал аузынан алып қалды.

Оқыс оқиға Павлодар ауданының Розовка ауылында бүгін түнгі сағат 01.00-де болды. Өрт алдымен қорада тұтанып, кейін тұрғын үйді де жалмады. Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмованың айтуынша, полиция лейтенантының жедел әрекетінің арқасында үш адам құтқарылған.

«Учаске инспекторы Бауыржан Бидаев жұмысынан соң үйіне келе жатқанда шаруашылық нысанының жанып жатқанын көрген. Ұйытқып соққан желдің салдарынан от тұрғын үйге де тарады. Тәртіп сақшысы дереу үйге кіріп, жағдайды тексерген. Үйдің ішінде зейнет жасындағы азаматша, оның 49 жастағы ұлы мен немересі болған. Учаскелік полицей оларды оятып, сыртқа шығарған», — дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалынды ауыздықтауға үш өрт техникасы жұмылдырылған.

«Бес бөлмелі жер үй жанып кетті. Салдарынан баспананың шатыры құлаған. Жалпы, қызыл жалын 120 шаршы метрлік аумақты жалмады. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Шығын көлемі мен себебі кейінірек белгілі болады», — дейді ТЖД баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде