
Павлодарда 40 жастағы әйел тоғыз және 11 жастағы балаларын жоғалтып алғанын айтып, полицейлерге жүгінген. Полицейлер балаларды тапты.
Әйелдің айтуынша, балалар Короленко көшесіндегі жеке үйлердің ауласында ойнап жүрген.
Ол шамамен сағат түнгі онда дүкенге кетіп, үйіне қайтқанда, балаларын таппай қалғанын алға тартты. Балаларды іздеуге кіріскен полицейлер 11 мамыр күні әйел жасырған бірқатар ақпаратты біліп қояды.
Нақтырақ айтқанда, әйелдің мас күйде көше кезіп жүріп, балаларын өзгелерден жасыра тұруды өтінгені анықталды.
Нәтижесінде Роза Люксембург көшесі бойындағы үйлердің бірінен жоғалған балалар алаңсыз ұйықтап жатқан жерінен табылды.
Үй иесінің айтуынша, бөтен әйел одан балаларын бір күнге үйінде қондыра тұруын сұрапты. Ал таңертеңгісін оларды алып кетемін деп уәде еткен екен.
Енді ішкілікке салынған әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.