jasqazaq.kz

Павлодарда жұмысшы жалақысын талап етті

01 ақпан 2017, 0:21

Павлодар облысында жүз елуге жуық жұмысшы еңбекақыларын ала алмай жүр. Екі жыл бұрын іске қосылған Ерейментау кірпіш зауытының қызметкерлеріне берешегі бүгінде 38 миллион теңгеден асып жығылады. Үш айлық жалақысын ала алмаған жұрт бірнеше мекемеге хат жазғанымен, еш өзгеріс болмапты. Ал бастапқыда «еңбектеріңді жемейміз» деп сендірген кәсіпорын басшылары кейін қызметкерлерімен байланысын үзген.

Ktk.kz хабарлағандай, 39 жастағы Мәди Жанбаев – көп балалы әке. Былтыр кірпіш зауытында еңбек еткен отағасы қазір жұбайының жалғыз жалақысына қарап отыр. Ал үйдің кенже екі ұлы бірнеше айдан бері балабақшаға барудан қалған. Ақысын төлей балмаған ата-ана, кетерінде оларды үйге қамап кетеді екен. Қарызға белшесінен батқан отбасы енді баспанасындағы бар жиғанын сатудан басқа амал таппай отыр.

Мәди Жанбаев, пеш салушы:

-Қызым студент. Төлейтіндей жағдай жоқ, бірақ қарызға кіріп төлеп жатырмыз. Азық-түлікті дүкеннен аламыз, қарызға.

Кірпіш зауытында еңбек еткен өзге жүз елуге жуық жұмысшының үйінде де жағдай дәл осындай. Олар қазір жалақы алмақ түгілі зауытқа кіруден қалған. Ал тексеріс жүргізген прокуротура кәсіпорын берешегінің өсіп кеткенін анықтапты. Тіпті зауыт басшылығына ескерту жасап, 2 рет айыппұл да салынған. Енді тағы да уақыт созар болса қылмыстық іс қозғалмақ.

Данияр Ысқақов, Екібастұз қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

–Былтыр зауыттың жалақы қарызы 19 миллион теңге болатын. Шағым қайта түскендіктен, кезекті тексеріс жүргізілді. Бүгінде кәсіпорын қызметкерлеріне 38 миллион теңге берешек. Мекеме басшыларымен хабарластық. Жалақы жақын күндері берілуі тиіс.

Осыдан екі жыл бұрын іске қосылған Ерейментау кірпіш зауытында қазір жұмыс тоқтаған. Жылына 50 миллион кірпіш шығаруға қауқарлы кәсіпорынның кейін ісі өнбегенге ұқсайды.

-Жұртты сабырға шақырған прокурорлар жалақы мәселесі жуырда шешілуі тиіс дейді. Ал басшыларының құрғақ уәдесіне тойған жұмысшылардың енді ешкімге сенгісі жоқ. Тәртіп бойынша жеке-жеке шағым жазуға бел буған олар мәселені енді сот шешеді деп үміттенеді. Жалақылары ай соңына дейін түспеген жағдайда зауыт алдына барып, онда ешкімнің кіріп-шығуына мұрша бермейтіндерін мәлімдеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде