jasqazaq.kz

Ақыл-есі кем: Павлодарда сыныптасы мен мұғалімді пышақпен жаралаған бозбала түрмеде отырмайтын болды

30 қыркүйек 2024, 16:47

30 қыркүйекте Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектепте сыныптасы мен мұғалімді жаралаған жасөспірімге қатысты қылмыстық істі қарады.

Павлодар облыстық соты хабарлағандай, бұл іс бойынша амбулаторлық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамаларын өткізу арқылы жасөспірімнің есі дұрыс емес жағдайда қылмыс жасағаны анықталды. Осыған байланысты прокурор мен жәбірленушілер сотталушының психикалық ауруға шалдығуына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұраған.

«Ж.-ның психикалық ауруының болуына байланысты, өз іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамға қауіптілігін ұғына алмағандықтан және оларға ие бола алмағандықтан сот Ж.-ға жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараларды тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», — делінген соттың хабарламасында.

Айта кетейік, мамыр айында Павлодарда 17 жастағы бала мектепке өзімен бірге пышақ әкеліп, сыныптасы мен мұғалімді жаралаған болатын.

JQ-Aqparat

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі