jasqazaq.kz

Павлодарда қария бүлдіршін қыздарға азғындық жасаған

05 сәуiр 2024, 11:32

Павлодарда жасы 80-нен асқан зейнеткер кішкентай қыз балаларға азғындық жасаған. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД мәлімдеді.

Қарт адам қазіргі уақытта жасаған әрекеті үшін қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Зейнеткер қыз балаларды көшеде ойнап жүрген жерде кездестіріп, алдап үйіне шақырған.

«Жасөспірімдердің жасы 11-ге де толмаған. Павлодар қаласында тұратын, жасы 80-нен асқан зейнеткер оларды көшеде кездестіріп, үйіне шақырған. Сөйтіп оларға азғындық әрекет жасаған. Аталған факті жоғалған балаларды іздеу барысында белгілі болды. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды», — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.

Қазіргі уақытта азаматқа қатысты сотқа дейін қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі