Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған (Видео)

28 наурыз, 12:03

Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін өлімші етіп сабаған. Салдарынан іштегі бала шетінеді. Сұмдық оқиғадан әйел есін жоғалтып алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Қайнысының жеңгесін сабауына не себеп? Бұл туралы Astana теларнасы хабарлады. 

Гүлмерей Қарсыбаева – 28 жаста. Ол қазір ауруханада жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Есін жоғалтып алыпты. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Ал аяғының ауыр болғанын ғана біледі.

Гүлмерей ҚАРСЫБАЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ:

Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз болды. Мен көтергеннен бастап қыз болды. Сосын атында қойғымыз келді.

Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Жарылған басын тігіп, шайқалған миын салыпты. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ, нәресте соққыдан көз жұмса керек. Өлі туылыпты.

Дәурен САФИУЛЛА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді.

Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынған. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.

Әлібек САЛАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынды. Күдікті есірткіге мас күйінде үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салғаны анықталды. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді.

Ал қайнысының не себепті жеңгесін сабағаны беймәлім. Жеңгесі де оқиғаның қалай болғанын есіне түсіре алмады. Сол сәтте күйеуі де үйде болмапты. Енді істің мән-жайын сот анықтайтын болады.

26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады