jasqazaq.kz

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел есепте тұрған

31 шiлде 2025, 11:16

Павлодарда екі баласын терезеден лақытырып жіберген әйелдің әрекеті көршілердің жағасын ұстатты. Көршілерінің айтуынша, ол балаларына қамқор, сыпайы, жуас әйел болған. Балаларымен аулада жиі серуендейтін дейді көршілері. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Бір жасар сәби клиникалық өлімді басынан өткерді. Қазір үшеуі де ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

“Дабылдың дауысын естідім де, терезеден қарадым. Басында ештеңе түсінбедім: оқиға екінші подъездің жанында болды, ал ол бірінші подъезде тұрады. Кейін ұлым кіріп келіп “Мен ойнайтын досым бар еді ғой, сол баланы… Анасы бесінші қабаттан балаларын лақтырып, өзі де секіріп кетті” деді. Балаларды алып кетті, ал әйелді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері алып кетті. Олар негізі үшінші қабатта тұрады дейді. Бірақ ұлымның айтуынша, анасы подъезге кіріп, бесінші қабатқа көтеріліп, сол жерден лақтырған”, – дейді көршісі Венера Исмаилова.

Олардың айтуынша, отбасы толыққанды. Әйел балаларға қарап қалады, ал күйеуі үнемі жұмыста. Анасы терезеден лақытырп жіберген балалардың бірі бір жаста, екіншісі – сегізде. Үшеуі де подъездің шатыр қаптамасына құлаған. Дәрігерлер олардың аман қалуына да осы себеп болса керек дейді.

Әйелдің бұлай істеуіне не себеп болғаны белгісіз. Полицияның айтуынша, 34 жастағы әйел арнайы есепте тұрған. Қазір есін біледі, бірақ сүйектері сынған. Үлкен баланың да жағдайы ауыр, оның да жарақаттары көп. Дегенмен дәрігерлердің айтуынша, ол аман қалады. Ең ауыр жарақат алған — бір жастағы бала. Оның жүрегі тоқтап қалған, қазір жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

“2024 жылы туған бала ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Реанимациялық шаралар барысында жүрек қызметі қалпына келтірілді. Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір жағдайы өте ауыр, барлық қажетті медициналық шаралар жүргізіліп жатыр”, – Павлодар облыстық балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматологы Руслан Вороховко.

 

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды