jasqazaq.kz

Павлодарда діни экстремизмді насихаттаушы ұсталды

17 сәуiр 2017, 13:30

Павлодарда облыстық ІІД арнайы жасақ бөлімшесінің қолдауымен ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері және ҰҚК департаменті теріс діни ағым жақтаушысын ұстады.

Күдікті 1996 жылы туған, ол ғаламторда әлеуметтік желілер мен бағдарламалар арқылы «терроризм мен діни экстремизм идеясын насихаттаған, сондай-ақ, аталған мазмұндағы материалдарды сақтаған және таратқан», — деп хабарлады Павлодар облысының ІІД-і. Полиция тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сот шешімімен күдікті тұтқындалды. Өңірде бұған дейін де теріс діни ағым жақтаушылары ұсталған. 2016 жылдың аяғында Павлодар облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» діни-экстремистік партиясының құрылымдық ұйымы құрамында қылмыс жасаған Павлодар тұрғыны Р.Гинатуллинді ұстады, ол ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. ҚазАқпарат хабарлағандай, 2017 жылы «Хизб-ут-Тахрир әл Ислами» заңсыз әрекеттеріне қатысқан Екібастұз тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде