jasqazaq.kz

Павлодарда 16 жасар жасөспірім есірткімен ұсталды

29 қазан 2024, 12:00

Павлодарда кәмелетке толмаған жасөспірім 223 грамм синтетикалық есірткіні сатуға оқталған. Полицейлер оны қолға түсірді.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

— Мамыр айында 16 жастағы жасөспірім есірткі таратумен айналысуға шешім қабылдағаны анықталды. «Куратордан» қаптамалар туралы ақпарат алғаннан кейін ол кэштен 223 грамм синтетикалық есірткіні алып кеткен. Оны кішірек етіп орап, қаптамалар арқылы сатуды жоспарлаған. Әрі бұл қызметі үшін төлемді банктік шотқа алуды жоспарлап қойған. Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді. Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі сатуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі