jasqazaq.kz

Павлодар облысында жұрттың 25 млн теңгесін жымқырған алаяқтар тобы ұсталды

18 қантар 2024, 10:03

Павлодар облысында азаматтардың 25 млн теңгесін жымқырған алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды. Polisia.kz хабарлағандай, қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Ақсу қаласының тұрғындарының, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерінің түрлі көмек көрсету сылтауымен сеніміне кіріп, үлкен көлемдегі қаражатты иемденген. Қылмыстық топтың құрамында Ақсудың екі тұрғыны болды. Ұстау шараларын Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция ведомствосының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері жүргізді.
– Ұсталған азаматтар алаяқтықтың 6 фактісіне қатысы бар деген күдікті ілініп отыр. Шығын көлемі 25 млн теңгеден асады. Сондай-ақ күдіктілердің Павлодар облысының аумағында болған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Ақсу қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды, – деді облыстық ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыров. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі