jasqazaq.kz

Павлодар облысында аса ірі көлемде вейп тәркіленді (Видео)

28 қазан 2024, 10:37

Павлодар облысында полиция құны 55 миллион теңгеге жуық вейпті тәркіледі.

Polisia.kz хабарлағандай, Павлодар облысында полицейлер электронды темекіге қатысты заң бұзушылықтың жолын кесіп, жалпы құны 55 миллион теңгеге жететін вейп партиясын тәркіледі.
Екібастұз қаласындағы өнеркәсіптік база аумағында орналасқан қоймада полицейлер 5503 дана вейп пен 1097 қосымша сұйықтық құятын құтыны анықтап, тиісті шаралар қолданды.

Бұл заңсыз тауар сатылымға шығарылмақ болған. Ресми тыйым салынғанына қарамастан, жастар интернет-дүкен арқылы мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі арналарды пайдаланып, вейптерді сатумен айналысқан. Нәтижесінде заңсыз электронды темекі сатты деген күдікпен екі азамат полицияға жеткізілді.
– Темекі өнімдеріне жатпайтын электронды тұтыну жүйелерінің, ароматизаторлар мен сұйықтықтардың айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп хабарлады Екібастұз қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.
Рейдтік іс-шаралар барысында интернет-дүкен арқылы тапсырыстар бойынша жеткізуге арналған вейп өнімдері бар автокөлік тоқтатылып, тексеру нәтижесінде заңсыз тауар табылды. Полиция 20 маусымда Қазақстанда вейп және оларға арналған сұйықтықтардың айналымына тыйым салу туралы заң күшіне енгенін еске салады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі