jasqazaq.kz

Павлодар — Қалбатау автомобиль жолы ақылы болады

28 қыркүйек 2023, 12:17

Көлік министрі 2023 жылғы 21 қыркүйектегі «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Павлодар – Қалбатау автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойды.

Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі 427+000 — 903+700 Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) – Майқапшағай (Қытайға) ақылы негізде пайдаланылады.
Хабарламада: «Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі» Республикалық маңызы бар автомобиль жолы, «Ленинский — Ақсу — Көктөбе — Үлкен Ақжар — Курчатов» Республикалық маңызы бар автомобиль жолы, «Семей — Курчатов» облыстық маңызы бар автомобиль жолы, «Өскемен-Таврикое — Семей» Республикалық маңызы бар автомобиль жолы баламалы жолмен жүруге болады «Алматы-Өскемен» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Өскемен — Қалбатау» учаскесі, — делінген.

Ақылы жолдың ұзындығы 453 шақырым. Ақылы негізде жолды пайдалану мерзімі — 20 жыл.

Бүкіл маршрут бойынша бір бағытта жол жүру құны:

жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 2626 теңге;
15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін – 3283 теңге;
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 656 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 1313 теңге;
32 орыннан асатын автобустар мен жүк автомобильдері үшін автопоездың жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін – 1969 теңге.

Сондай-ақ жол учаскелері бойынша жол жүру тарифтері белгіленді.

Бұл ретте ақылы учаскелер бойынша белгілі бір уақыт кезеңіне ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін абоненттік төлем бір ауданнан тыс жерде абонемент түрінде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде белгіленеді.

Осылайша, ай сайынғы абонемент автокөліктің жүк көтергіштігіне байланысты 1 – ден 5 АЕК-ке дейін (2023 жылы 3450-ден 17 250 теңгеге дейін), жылдық — 12-ден 60 АЕК-ке дейін (41 400-ден 207 000 теңгеге дейін) тұрады.

Бұйрық 2023 жылғы 8 қазанда күшіне енеді.

JQ-Aqparat 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі